Ферғаналық кәсіпкерлер партия тарапынан қысымға ұшырағанын журналистерге хабарлаған.
Жергілікті кәсіпкерлердің бірінің айтуынша, партияның облыстағы бөлімі кәсіпкірлерге талап қойған.
– Кәсіпкерлердің әрқайсысы бір баннерден жасап берді, бірақ олар тағы бір баннерден талап етті. Ең арзан баннер 400-500 мың сум (шамамен 40-50 доллар) тұрады. Біз партияның облыстағы бөлімінің талабын орындадық, алайда олар ертең тағы бірнеше баннер жасатуды талап етуі мүмкін, – деп шағымданды кәсіпкер.
Партияның облыстағы бөлімі кәсіпкерлердің айтқанын жоққа шығарып отыр.
– Насихат материалдарын партиямыздың Орталық комитеті қаржыландырады. Біз кәсіпкерлерден партиямызға насихат материалдарын дайындауды сұраған жоқпыз, – деп мәлімдеді партия өкілі.
Өзбекстанда президент сайлауы биыл 24 қазанда өтеді. Оған билікті жақтайтын бес партияның кандидаты қатысады. Билік сайлауға оппозициялық күштерді осы жолы да жібермеді.