Ссылки доступа

Ауғанстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі баяндамадан бас тартты


Ауғанстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Гулям Исхакзай БҰҰ Бас ассамблеясында баяндама жасаудан бас тартты. Ол Ассамблея сессиясында 27 қыркүйекте сөйлеуі тиіс болған.

БҰҰ Бас ассамблеясы төрағасының ресми өкілі Моника Грейлидің хабарлауынша, Ауғанстан жалпыға ортақ пікір-таластан бас тартқан. Грейлидің айтуынша, Ауғанстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі бұның себебін түсіндірмеген.

Гулям Мұхаммад Исхакзай "Талибан" қозғалысын қолдамайды. Ол халықаралық қауымдастықты экстремистік топты мойындамауға бірнеше мәрте шақырған.

Бірнеше күн бұрын Ауғанстанның тәліптер құрған жаңа үкіметінің сыртқы істер министрі Әмір Хан Мутаки БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке хат жолдап, БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеуге рұқсат сұраған.

Талибан үкіметін әзірге ешқандай мемлекет ресми түрде мойындаған жоқ. Гулям М. Исхакзай ауған үкіметінің БҰҰ-дағы тұрақы өкілі болып есептеледі, дегенмен тәліптер Исхакзай Ауғанстан өкілі еместігін ескерткен.

Әлемнің бір де бір елі Талибан құрған үкіметті мойындамағандықтан, ауған делегациясы биыл БҰҰ Бас ассамблеясына қатыса алмайды.

Талибан биыл 15 тамызда Кабулға кіріп, Ауғанстандағы билікті басып алды. Президент Ашраф Ғани сол күні Ауғанстаннан қашты. Одан соң жүз мыңдаған адам Ауғанстаннан кетті.

XS
SM
MD
LG