Ссылки доступа

Қырғызстандық құқық қорғаушы Азимжан Асқаровтың өлімін арнайы қызмет зерттейді


Қырғызстандық құқық қорғаушы Азимжан Асқаровтың өлімін елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті зерттейді. Бұл жөнінде "Бир Дуйно – Кыргызстан" құқық қорғау ұйымы мәлімдеді.

"Бир Дуйно – Кыргызстан" ұйымының адвокаттары бұл істі арнайы қызметке тапсырылғанына қарсы. Олар істі тез арада жабуға мүдделі дейді.

Биыл қыркүйек айының басында істі Мемлекеттік жазаны атқару комитеті тергей бастаған. Бірақ кейін тергеу ісі тоқтап қалған.

Құқық қорғаушы Азимжан Аскаров былтыр шілде айында пневмониядан қайтыс болды. Ол 2010 жылғы маусым оқиғасын ұйымдастыруға және милиция қызметкерінің өліміне қатысы болды деген айыппен өмір бойы түрме жазасына кесілген. 69 жастағы Азимжан Асқаров Өзбекстанда жерленді.

Оның өлімінен кейін БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссариаты істі қайта тергеу қажеттігі жөнінде мәлімдеме жасаған.

XS
SM
MD
LG