Ссылки доступа

Самарқанда табиғи газ талап етіп, наразылық білдіргендер жауапқа тартылды


Самарқанд облысында табиғи газдың берілуін талап етіп жолды жапқан 13 адам жауапқа тартылды. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер басқармасы хабарлады.

26 қыркүйекте 13 тұрғын табиғи газ берілуін талап етіп, Самарқанд облысындағы үлкен жолды жапқан.

Олар тұратын ауылда 2015 жылы газ беруді тоқтатқан. Содан бері халқы сұйылтылған газды пайдаланып келеді. Наразылық білдірушілер сұйылтылған газ соңғы рет шілде айында таратылғанын айтқан.

Самарқанд аудандық сотының шешіміне сәйкес, 13 адамға "ұсақ бұзақылық жасады", "митинг, шеру ұйымдастыру тәртібін бұзды" деген айыптар тағылып, екеуі 5 тәулікке, қалғаны 11 тәулікке қамауға алынды.

Тамыз айының басында 11 әйел Әндіжан жолын жаппақ болғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған. Шілде айында Шыршық ауданы Айрит ауылында наразылық білдірген тоғыз адам 15 тәулікке қамалған.

XS
SM
MD
LG