Ссылки доступа

Өзбекстанда қос азаматтығы барын ескертпегендер жауапқа тартылуы мүмкін


Өзге елдің азаматтығын алған Өзбекстан азаматтары оны 30 күнде ескертуі тиіс. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады.

Өзбек үкіметі Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгеріс енгізіп, қос азаматтығы барын ескертпегендерді жауапқа тартуды көздеп отыр.

Бұған қоса, Өзбекстан азаматтығынан, төлқұжаты мен ID-картасынан айрылғандарды пайдалану үшін де әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Депутат Фарход Ашматовтың айтуынша, парламенттің төменгі палатасы заңға енгізілетін өзгерісті 24 тамызда бірден екінші және үшінші оқылымда мақұлдаған. Парламент бұл мәселенің талқыланғанын хабарлаған жоқ.

Өзбекстанда, азаматтық туралы заңға сәйкес, Өзбекстан азаматының өзге елдің азаматтығын алуы мойындалмайды. Шетел азаматтығын өз еркімен алған жағдайда бұл азаматты Өзбекстан азаматтығынан шығаруға себеп болады.

Депутаттың айтуынша, ішкі істер органдары мен консулдықтар өзге елдің азаматтығын өз еркімен алған, бірақ оны мемлекеттік органдарға хабарламағандарды анықтап жатыр.

XS
SM
MD
LG