Ссылки доступа

Қырғызстанның алтын қоры тарихи көрсеткішке жетті


Қырғызстанның алтын қоры 3,2 миллиард доллар болды. Бұл туралы Жогорку Кенеш отырысында Ұлттық банк төрағасы Толкунбек Абдыгулов хабарлады.

"Қазір бізде 3,2 миллиард "тірі" ақша бар, қажет болған жағдайда, ол импортты 8 ай қаржыландыруға жетеді", - деді Абдыгулов.

Биыл маусым сайында Ұлттық банк алтын қорда 2,65 миллиард доллар бар деп хабарлаған. 2019 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 2,4 млрд, ал 2020 жылдың аяғында – 2,8 млрд доллар болған. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, алтын қор елдің макроэкономикалық және қаржылай қауіпсіздігін қолдауға жетеді.

Жогору Кенеш депутаттары бүгінгі отырыста Толкунбек Абдыгуловтың Ұлттық банк төрағасы қызметінен кетуін мақұлдады. Ол қызметтен өз еркімен кету туралы өтініш берген. Оның орнына Кубанычбек Боконтаев ұсынылған. Ол 2006-2010 жылдары Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG