Ссылки доступа

Ауған босқындарының жағдайы: Тәжікстан жібермейді, тәліптер қорқытады (видео)


Положение афганских беженцев на границе в Ишкашиме
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:54 0:00

Положение афганских беженцев на границе в Ишкашиме

"Талибан" Ауғанстаннан Тәжікстанның Ишкашим ауданына өткісі келетін жүздеген босқынды қорқытып, тұрғылықты жеріне қайтуды талап еткен.

Қайтпаған жағдайда, көрші елден баспана сұрағандар қатаң жазаланады, деп қорқытқан тәліптер. Тәжік шекарашыларының айтуынша, бұл босқындар Тәжікстанға кіруге рұқсат ала алмаған.

Озоди радиосының редакциясына жолданған видеода босқындар палаткалары мен қосындарын жинап жүргені бейнеленген. Олар қайда барарын білмейді.

"Бадахшан Плюс" арнасының блогері Абдулфаттох Азизи оқиға орнында видео түсірген. Блогердің Озоди радиосына хабарлауынша, бұл маңда шамамен 400 босқын отбасы бар.

"Жағдай қиын. Босқындардың кейбірі ағаш түбін паналап қалды, басқа мүлкі жоқ. Олардың балаларының қандай жағдайда тұрып жатқанын көріңіз. Бұның бәрін көрудің өзі ауыр", - деді ол 27 қыркүйекте Озоди радиосына.

Босқындардың дені Панжшерден, Парваннан, Саманганнан және Ауғанстанның басқа өңірлерінен келген. Олар көрші елге өтуге үміттеніп келіп, бір ай осында тұрақтауға мәжбүр болды. Мұнда су, тамақ және дәрі жетіспейді.

Босқындар мұнда Тәжікстан оларды қабылдауға әзір дегенді естіп келген.

Енді тәліптер олардан шекара аумағынан кетуді талап етіп жатыр. Тәжікстан билігі мен халықаралық ұйымдар әзірге бұл талапқа қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен бірнеше ай бұрын Тәжікстан ауған босқындарына лагерь салып жатқанын хабарлаған.

Тәжікстанда соңғы үш айда ауған босқындары мәселесі өзекті проблемаға айналды. Тәжік билігі ауған босқындары қайда орналасқаны туралы ресми мәлімет таратпады.

Еуропа одағы 14 қыркүйектегі мәлімдемесінде Ауғанстанның 5 мың босқыны Тәжікстанның Хатлон және Таулы Бадахшан автономиялық облысында екенін хабарлаған.

15 тамызда тәліптер Кабулға ұрыссыз кірді. Қыркүйектің басында "Талибан" үкімет құрғанын жариялады, бірақ оны ешқандай ел мойындаған жоқ. Мыңдаған ауған азаматы елден кетуге мәжбүр болды.

XS
SM
MD
LG