Ссылки доступа

Америкада түркімен президенті Бердымухамедовке қарсы наразылық шаралары өтіп жатыр


Белсенділер Түркіменстанның саяси режиміне наразылық білдірді. Нью-Йорк, 28 қыркүйек, 2021 ж.
Белсенділер Түркіменстанның саяси режиміне наразылық білдірді. Нью-Йорк, 28 қыркүйек, 2021 ж.

Түркіменстанның саяси режимен қарсы шетелде тұрып жатқан белсенділер қоғам, халықаралық қауымдастықтың назарын аудару үшін кезекті рет акция өткізді.

28 қыркүйекте Нью-Йорктің БҰҰ-ның штаб-пәтерінде, 29 қыркүйекте Женеваның БҰҰ кеңсесі алдында жалғасты.

АҚШ және Канадада тұратын акцияға қатысушылар халықаралық қауымдастықты Түркіменстандағы проблемаларға назар аударуға шақырды.

"Түркіменстанда адамдар көмекке зәру, олар коронавирустан өліп жатыр. Бізді ешкім тыңдамайды. Түркіменстанға көмектесіңіздер!", - деді митингті ұйымдастырушылар Лейла Музапберова.

Наразылық білдірушілер түркімен президенті Гурбангулы Бердымухаммедовтің отставкасын талап етіп, елде демократиялық өзгерістер керек екенін жеткізді.

Түркіменстанда ұзақ жылдарға созылған экономикалық дағдарыстан халқы жұмыс іздеп шетелге кетуге мәжбүр. Бірақ түркімен билігі оларға да қысым жасап, шетелге шығатын төлқұжат бермей жатады.

Наразылыққа шыққан белсенділер адам құқықтарын қорғаушыларды Мансур Мингеловтің жағдайына назар аударуға шақырды.

Адам құқықтарын қорғап жүрген белсенді Мингелов 2012 жылы түрлі қылмыстармен айыпталып, 22 жылға сотталған. Ол өзінің кінәсін мойындамайды. Ол түрмеде отырып, бірнеше рет аштық жариялаған. Ол қазір жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтеп жатыр.

Белсенділер наразылық шарасын 30 қыркүйекте де жалғастыратынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG