Ссылки доступа

Мемлекеттік айыптаушы құқық қорғаушы Иззат Амонға 9 жыл сұрады


Тәжікстанның бас прокуратура өкілі Ресейде мигранттар құқығын қорғаушы Иззат Амонға 9 жыл жаза мерзімін сұрады. Ол ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып жатыр.

Ал Душанбе қалалық сотының хатшысы Иззат Амонға қатысты істің жабылғанын, ол өтініш берушілердің 1 млн 90 мың рубль және 1 мың долларын өтегенін мәлімдеген. Иззат Амон тергеу абақтысында жеті айдан бері отыр.

Бірақ дереккөздің мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы екі күн бұрын сотқа шағым түсірген.

"Айыпталушы рақымшылыққа түсу үшін бірқатар кезеңнен өтуі керек. Бас прокуратура тергеу ісін аяқтады, енді айыпталушыға қатысты өзінің талабын жариялауы керек. Сот сосын үкім шығарады. Сосын барып рақымшылық заңын қолданады", - дейді дереккөз.

Мәскеуде Тәжіктер орталығын басқаратын Иззат Амон биыл көктемде Ресейден депортацияланған. Ол өзінің ұсталуын тәжік билігін сынап келгеніме қатысты деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG