Ссылки доступа

Женевада Қырғызстан мен "Центерра Голд" компаниясы арасында келіссөз өткен


28-30 қыркүйекте Швейцарияның Женева қаласындағы қырғыз үкіметінің өкілдері мен Құмтөр алтын кенін игеріп келген "Центерра Голд" компаниясы жетекшілері кездесіп, сөйлескен.

Бұл жөнінде келіссөзге қатысқан сенімді дереккөз хабарлады.

Қырғыз делегациясын экономика және қаржы министрі Акылбек Жапаров пен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев бастап барған. Делегация құрамында Құмтөр кеніне сыртқы басқарушы болып бекітілген Тенгиз Бөлтүрүк, бас прокурор Курманкул Зулушев және басқа да мамандар болған. Кездесуге "Центерра Голд" компаниясының бас атқарушы директоры Скотт Пери бастаған топ қатысқан.

"Центерра Голд" компаниясымен келіссөздің бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Екі тарап сөйлесу үстеліне отырып, бір-біріне наразылықтарын ашық айтты. Қырғыз делегациясы өз мүддесін қорғауда нақты болды. Келіссөз әлі жалғасады", - деді кездесуге қатысқан сенімді бұлақ.

Құмтөр ісін зерттеген мемлекеттік комиссия "Центерра Голд" Қырғызстанға салық және экологиялық санкция түрінде 4 млрлд 252 миллион доллар төлеуі керек деген шешім шығарып, 17 мамырда Жогорку Кеңеш "Құмтөр Голд" компаниясына уақытша сырттан басқару енгізген.

Канадалық "Центерра Голд" компаниясы қырғыз билігін Стокгольмдағы халықаралық арбитражға және Нью-Йорктағы банкроттық бойынша сотқа берген. Сотта Қырғызстан мүддесін Arnold & Porter Kaye Scholer заң компаниясы қорғайды.

XS
SM
MD
LG