Ссылки доступа

Тәжік журналисі Хикматулло Сайфуллозода түрме ауруханасында жарақат алған


Тәжікстанда тыйым салынған "Исламның қайта жаңғыруы" партиясының мүшесі болғаны үшін сотталған журналист Хикматулло Сайфуллозоданың абақтыда басын жарған.

Оқиға өткен аптада Вахдат түрмесінде болған. Туыстарының сөзінше, түнде сотталушының бірі басынан шойын шәйнекпен ұрған.

70 жастағы Хикматулло Сайфуллозодаға 16 маусымда жүрегіне ота жасаған. Ол содан бері түрме ауруханасында жатыр.

Вахдат түрмесіндегі дереккөз оқиғаның болғанын растаған. Журналист соққыға жыққан Аслиддин Турсунов деген адам он тәулікке карцерге қамалған.

Журналистің әйелі Фарогат Сангинова оқиғадан кейін абақтыға барғанын, бірақ өзін жібермегенін айтты.

Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" (RSF) ұйымы 9 қыркүйекте Тәжікстан билігінен Хикматулло Сайфуллозодаға рақымшылық беруін сұраған.

Ислам партиясы шығарып келген "Нажот" газетінің бас редакторы болған Хикматулло Сайфуллозода 2016 жылы 16 жылға бас бостандығынан айырылған.

XS
SM
MD
LG