Ссылки доступа

Швецияда Мұхаммед пайғамбар карикатурасының авторы жол апатынан қаза тапты


Ларс Вилкс
Ларс Вилкс

Мұхаммед пайғамбар карикатурасының авторы Ларс Вилкс Швецияның оңтүстігінде жексенбі күні тіркелген жол апатынан қаза тапты. Швед басылымдарының хабарлауынша, 75 жастағы Вилкс отырған авокөлік жүк көлігімен соғысқан.

Суретші мен оның екі күзетшісі қаза тапты, жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жараланды. Апат салдары тексеріліп жатыр.

Ларс Вилкс 2007 жылы Мұхаммед пайғамбар карикатурасын салғалы бері полиция күзетімен өмір сүріп келді. Карикатураны швед және дат газеттері басқан.

Карикатура әлемнің көптеген елдеріндегі мұсылмандардың ызасын туғызды. "Әл Каида" террористік ұйымы оның басына 100 мың доллар сыйақы тіккен.

Ларс Вилкс карикатурасын Charlie Hebdo сатира журналы да жариялады. 2015 жылғы қаңтарда журнал редакциясына жасалған шабуылдан 12 адам қаза тапты.

Суретші Вилкс адам еркіндігінен асқан құндылық жоғын бірнеше мәрте мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG