Ссылки доступа

Ресми Душанбе түрмеде тәжік оппозиционеріне шабуыл жасалғанын теріске шығарды


Тәжікстанның Қылмыстық жазаны атқару бас басқармасының басшысы Мансурджон Умаров ислам партиясының сотталған мүшесі Рахматулло Раджабқа пышақпен шабуыл жасалды деген ақпаратты теріске шығарды.

2 қазанда тәжік оппозициясына жақын ақпарат құралы дереккөзіне сілтеме жасап, 28 жылға сотталған Исламның қайта жаңғыруы (ислам партиясы) партиясы саяси кеңесінің мүшесі Рахматулло Раджабқа түрмеде шабуыл жасалды деп хабарлады.

Мансурджон Умаров бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді. "Сотталушының туыстары түрмеге келіп, жағдайын көзімен көруге болады", - деді Умаров.

Рахматулло Раджабтың туыстары оның денсаулығына алаңдайтынын айтады. Жақында ғана ол отырған абақтыда журналист Хикматулло Сайфуллозодаға шабуыл жасалған болатын. Ол қазір абақты ауруханасында жатыр.

Рахматулло Раджаб Тәжікстанда бүлік ұйымдастырмақ болды деген айыппен ислам партиясының жетекшілерімен бірге 28 жылға сотталған.

XS
SM
MD
LG