Осыған дейін қырғыз билігі электр энергияны үнемдеу мақсатында көшелердегі жарнамалардың, кафе-мейрамхана, дүкен және сауда орталықтарындағы жарықтандырулар белгілі бір уақытта өшірілетінін хабарлаған.
"Ұлттық энергохолдинг" мәліметінше, 3 қазанда Тоқтағұл су қоймасында су көлемі 12,2 млрд текшеметр болған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3 млрд текшеметрге аз болды дегенді білдіреді.
Биыл Қырғызстанда Тоқтағұл су қоймасында су көлемінің аздығынан электр энергияға тапшылық бар. Қазір Қырғызстан энергияны Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан алып жатыр.