Ссылки доступа

"Талибан" содырлары ауған-тәжік шекарасындағы бірнеше жүз босқынды алып кетті


Афганские беженцы на границе с Таджикистаном
Афганские беженцы на границе с Таджикистаном

"Талибан" содырлары Ауғанстанның Тәжікстанмен шекарасына жиналып қалған бірнеше жүз ауған босқынын күшпен алып кетті. Шамамен 2 мың босқын бір ай бойы Тәжікстанға өту мақсатында осы жерді паналаған.

Бадахшан провинциясының губернаторы Тәжікстанмен шекарадағы азаматтарды босқын емес, ел ішінде қоныс аударушылар деп атаған.

Ауғанстанның солтүстік аудандарындағы жүздеген тұрғын ауған-тәжік шекарасына көрші елге өту үшін жиналған. Бірақ тәжік шекарашылары оларды ел аумағына жібермеді.

Озоди радиосының ауғанның Ишкашим ауданындағы дереккөзінің хабарлауынша, тәліптер бұның алдында бір босқынды өлтірген. Хожи Бобо есімді босқынды ұстап әкеткен.

"Хожи Бобоның жағдайы мүшкіл – тәліптер оны автоматтың шүйдесімен ұрған. Оны босқындарға жол көрсетті деп айыптаған. Тәліптер бізді көліктерге тиіп, біз білмейтін жаққа әкетіп барады. Өмірімізге қауіп төніп тұрғанын сеземіз", - деді Озоди радиосымен телефонмен сөйлескен бір босқын.

Редакция Хожи Бобоның суреттерін алды. Тәліптер босқынның беті мен басынан автоматтың жүйдесімен ұрғаны анық көрініп тұр. Дереккөз мәліметінше, Хожи Бобо тексеруден өткен, оған жергілікті дәрігерлер қарап жатыр.

XS
SM
MD
LG