Ссылки доступа

Қазақстан зейнетақы жүйесін өзгерткісі келеді (видео)


В Казахстане меняют пенсионную систему: когда можно будет уходить на отдых и какие будут взносы
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:14 0:00

В Казахстане меняют пенсионную систему: когда можно будет уходить на отдых и какие будут взносы

Қазақстан билігі зейнетақы жүйесін өзгертуді көздеп отыр. Үкіметтегі жұмыс тобы бірнеше ұсыныс түсірген. Олар зейнетақының базалық мөлшерінен бас тартып, ең төменгі кепіл төлемді қалдыруды ұсынған. Мұндай төлем көлемі - өмір сүруге қажетті қаражаттың (қазір ол Қазақстанда 75 доллар) 70 пайызы.

Зейнетке шығуды кейінге қалдыру туралы ұсыныс бар: зейнет жасына жеткен кісілер жұмыс істей алады. Жұмыс берушілерді Зейнетақы қорына айлықтың 5 пайызын аударуді міндеттейді. Зейнетақы реформасының жобасы мемлекеттік органдардың қарауына түскен.

Жоба авторларының пікірінше, жаңа зейнетақы жүйесі "құрметті демалысқа шыққан қазақстандықтардың материалдық жағдайын жақсартады".

Қазақстанда зейнетақы жүйесіне наразылық тыйылмай тұрғандай, үкімет осындай реформаны қолға алды. Бұның алдында Нұр-Сұлтан қаласының бір топ тұрғыны Еңбек министрлігіне барып, әйелдердің зейнетке шығу жасын 58-ге дейін төмендетуді талап еткен. Қазір ол жыл сайын алты айға ұзарып барады. 2027 жылы әйелдер мен ер азаматтар 63 жасында зейнетке шыға алады.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан екі миллионнан астам зейнеткер бар.

XS
SM
MD
LG