Ссылки доступа

Душанбеде 18 жастан асқандарға COVID-19 вирусына қарсы вакцина салу міндеттелді


Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі Душанбенде 18 жастан асқан тұрғындардың бәрі (жүкті әйелдер мен созылмалы ауруы барынан басқа) COVID-19-қа қарсы вакцина алатынын мәлімдеді.

Мекеме мәліметіне қарағанда, Душанбеде коронавирусқа қарсы екпе істері 100,4% орындалып, болжанған 626 мың тұрғынның орнына 628 адамға вакцина салынған.

"Бұған қала тұрғындарының саны көбеюі себеп болуы мүмкін. Себебі Рудаки ауданының бірқатар ауылдары Душанбеге қосылғаннан кейін қала тұрғындары 250 мың адамға көбейді", - деді министрліктің Эпидемиологиялық қауіпсіздік басқармасының басшысы Навруз Жафаров.

"Озоди" радиосының сауалнамасына қатысқан Душанбенің 28 тұрғынының 18-і коронавирусқа қарсы вакцина алғанын растады. Бесеуі вакцина салмағанын айтса, екеуі созылмалы ауруы барын, үшеуі вакцина әсерінен қорқатынын білдірген.

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда 2 398 703 адам вакцинаның бірінші дозасын алған. Бұл халықтың 41,2% құрайды. Вакцинаның екінші дозасы 1 740 682 адамға салынған.

XS
SM
MD
LG