Ссылки доступа

АҚШ Тәжікстанға 20 әскери көлік берді


АҚШ Тәжікстанға шекараларын нығайту үшін 20 әскери көлік берді.

АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігінің мәліметінше, жалпы бағасы 1,3 миллион долларды құрайтын көліктер қорғаныс министрлігі қызметкерлеріне шекара маңында түрлі операцияларды жүргізуге көмектесу үшін берілген.

5 қазанда көлікті беру шарасына АҚШ елшісі Джон Марк Поммершайм мен Тәжікстанның қорғаныс министрінің орынбасары Хусрав Бобозода қатысты.

"Бұл қайтарымсыз көмек Тәжікстанның шекараларын қорғау үшін беріліп жатқан көмектің бір бөлігі. Біз терроризмге, есірткі саудасына қарсы күресте әріптес болып қала береміз", - деді АҚШ елшісі.

1992 жылдан бері АҚШ Тәжікстанға жалпы 330 миллион долларға бағаланатын әскери көмек берген.

XS
SM
MD
LG