Ссылки доступа

Өзбекстанда "Нархоздың" бұрынғы проректоры "қауіпті қылмыскер" ретінде іздестіріліп жатыр


Нодир Идиев
Нодир Идиев

Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің (бұрынғы Нархоз) қаржы жөніндегі бұрынғы проректоры Нодир Идиевті Өзбекстанның ішкі істер министрлігі іздестіріп жатыр.

ІІМ-нің Бұхара облысындағы бөлімінің хабарлауынша, 49 жастағы бұрынғы проректорға "алаяқтық, тергеу мен соттан жалтару" айыптары бойынша іздеу жарияланған.

Күдіктінің қайда екені туралы мәлімет бергендерге ақшалай сыйақы тағайындалған.

Бұхара милициясының басшысы Баходирхожа Шариповтің хабарлауынша, Нодир Идиев мемлекеттен 2 миллион доллар ұрлады деген күдікке ілінді.

Идиев 2020 жылғы қаңтарда Нархоздың проректоры қызметіне тағайындалған. Ол биыл маусым айында демалысқа кетіп, содан жұмысқа оралмаған.

XS
SM
MD
LG