Ссылки доступа

Қырғызстан шекара қызметінің майоры есірткі дайындаған, мемлекет құпиясын сақтамаған деген күдікке ілінді


Қырғызстанда "Қадамжай-автожол" тексеру-өткізу бекетінің бұрынғы басшысы майор Р.Д. мемлекет пен әскер құпиясын сақтамағаны үшін қызметтен алынды.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің хабарлауынша, осыған қатысты тексеру 2021 жылғы шілдеде жүргізілген. Қыркүйекте Ыстық-Көл ауданының соты майорды екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Мекеме мәліметінше, қазір күдікті бірнеше қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр.

Күдікті нақты қандай құпияны сақтамағаны туралы мәлімет жоқ.

"Қадамжай-автожол" тексеру-өткізу бекеті Баткен облысының Қадамжай ауданында, Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан.

XS
SM
MD
LG