Ссылки доступа

"Құмтор": канадалықтар кенде табиғатты қорғау заңдарын өрескел бұзған


"Құмтөр Голд Компани" 5 қазанда алтын кенін өндірген канадалықтар Қырғызстанның табиғатты қорғау заңдары мен халықаралық экология стандарттарын өрескел бұзғанын дәлелдейтін жайттар анықталды деп хабарлады.

Мәлімдемеде айтылғандай, "бірнеше жыл бойы кендегі өндіріс пен тұрмыс қалдықтарын өңдемей, оларды жерге көміліп отырған", ол туралы ешқандай құжатта, есепте көрсетілмеген, бірақ мұндай полигондар қызметкерлердің нұсқауымен табылды".

"Полигондарда тұрмыс, улы қалдықтар - химиялық реагенттер қорабы, май фильтрлері, ескі шиналар, тау техникасының бұйымдары, тіпті тұтас машиналар көмілген", – делінген компания таратқан мәлімдемеде.

Экологтардың мәліметінше, кенде бірнеше жерде төрт метр тереңдікте бірнеше үлкен қоқыс табылған.

Заңсыз қоқыстар туралы мәліметтер құқыққорғау органдарына жолданды.

Бұның алдында канадалық "Центерра" компанясы алтын кені халықаралық экология стандарттарына сай өндірілді деп мәлімдеген.

Құмтөр алтын кені төңіргенідегі дау биыл көктемде ушықты. Мамыр айында парламент "Құмтөр Голд Компани" әрекеті жөнінде мемлекеттік комиссияның есебін тыңдап, кәсіпорынға уақытша сырттай бақылау енгізуді үкіметке тапсырды. Комиссияның мәлімдеуінге, канадалық компания Қырғызстанға 4 миллиард 252 миллион доллар салық пен экологиялық санкция төлеуі тиіс.

Канадалық компания айыптарды жоққа шығарып, Қырғызстан үкіметінің үстінен халықаралық соттарға бірнеше арыз түсірді.

Құмтөр - Қырғызстандағы ең ірі алтын кені.

XS
SM
MD
LG