Ссылки доступа

Ауғанстан тәжік электр қуатының ақысын банк жүйесін қалпына келтірген соң төлейді


Здание энергохолдинга "Барки точик" в Душанбе
Здание энергохолдинга "Барки точик" в Душанбе

Ауғанстанның "Брешно" қуат компаниясы тәжік билігінен электр қуатын елге жеткізуді тоқтатпауын сұрады. Компания тәжік электр қуатының ақысын Ауғанстанда банк жүйесі қалпына келген соң төлеуді көздейді.

Тәжікстанның "Барки точик" холдингі 5 қазанда Ауғанстанға электр қуатын жеткізу тоқтамағанын мәлімдеді. Холдинг қуат ақысы жақында төленеді деп үміттенеді. Дегенмен "Барки точик" Ауғанстанның "Брешно" компаниясы қанша қарыз екенін айтпады.

"Талибан" қозғалысының содырлары Кабулды алған соң, ауған компаниясы электр қуатының ақысын төлей алмай қалған. Компания оны Ауғанстанда банк жүйесі қалпына келген соң өтеуді көздеп отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, Тәжікстан электр қуатының Ауғанстанға экспортын қысқартып, оны Қырғызстанға сата бастаған.

Қырғызстан ақпарат құралдарының хабарлауынша, көрші елге жарық сату туралы бастаманы тәжік билігі бірінші көтерген.

XS
SM
MD
LG