Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) кіретін мемлекеттердің кезекті әскери жаттығуы осы тәжік-ауған шекарасында өтеді.
Ресейлік 201-базаның әскерлері Душанбе және Бохтартағы казармадан шығып, Ауғанстанмен шектесетін "Харб-Майдон" және "Момирак" әскери полигондарына барған.
ҰҚШҰ-ның әскери күштері 10 қазаннан 23 қазанға дейін осы аймақта үш бірдей әскери жаттығу өткізеді.
Осының алдында "Харб-Майдон" полигонында Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери күштерінің бірлескен жаттығуы өткен.