Ссылки доступа

Тәжікстанда саяси тұтқындардың туыстары халықаралық ұйымдардан көмек сұрады


Тәжікстанда тыйым салынған "Исламның қайта жаңғыруы" партиясының сотталған мүшелерінің туыстары олардың өміріне алаңдайды.

6 қазанда Махмадали Хаит, Рахматулло Ражаб, Зубайдулло Розик, Хикматулло Сайфуллозода және Сайдумар Хусайннің туыстары халықаралық Қызыл крест, ЕҚЫҰ-ның Тәжікстандағы өкілдігіне, БҰҰ-ның өкілдігіне және АҚШ-тың Душанбедегі елшілігіне қайрылып, саяси тұтқындардың жағдайына бейжай қарамауын сұрады.

Хат авторлары бірнеше ай бұрын ислам партиясы төрағасының бұрынғы орынбасары Махмадали Хаиттің камерасына кісі өлтірген адам кіргізілгенін, партия газетінің бұрынғы бас редакторы Хикматулло Сайфуллозода соққыға жығылғанын, партияның саяси кеңесінің бұрынғы мүшесі Рахматулло Ражаб қорқытып-үркітуге тап болғаны айтылған.

Олар сонымен бірге халықаралық ұйым өкілдерін саяси тұтқындар отырған түрмеге барып, жағдайды көзімен көріп шығуды сұрайды.

Ислам партиясының төрағасының бұрынғы орынбасары Махмадали Хаит пен Саидумар Хусайни өмір бойы бас бостандығынан айырылған, ұйымның басқа өкілдері ұзақ мерзімге сотталған.

"Исламның қайта жаңғыруы" партиясына 2015 жылы қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзода ұйымдастырған бүліктен кейін ресми тыйым салынған. Партия өкілдерінің билікті басып алу жоспарына қатысы болған деп есептейді. Жоғарғы сот партияны террористік ұйым деп таныды. Ал партия лидері Мухиддин Кабири бұл айыптардың бәрін теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG