Ссылки доступа

Жүздеген қырғызстандық Мәскеу әуежайында қалып қойды


Ресей астанасындағы "Шереметьево" әуежайында Мәскеуге 7 қазанға қараған түні ұшып келген шамамен 300 қырғызстандықты елге кіргізбеді.

Куәгерлердің хабарлауынша, Мәскеуге балаларымен ұшып келген қырғызстандықтардың ID-карталарын, шетел паспорттарын жинап алып, оларды бір-бірлеп өткізіп жатыр. Жолаушылардан сапар мақсатын мұқият сұрайды.

Ресейге келетін қырғызстандықтарды шектеуге қатысты ресми мәлімет жоқ. Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі әуежайға заңгерлерін жіберген. Дипломаттар жағдайды білгеннен кейін ғана мәлімет береді.

Бұның алдында Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі 30 қыркүйекте Ресейде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтарға қатысты жеңілдік мерзімі аяқталатынын ескерткен.

Ресми мәлімет бойынша, Ресейде Қырғызстанның 700 мыңнан астам азаматы тұрады. Ресми емес мәлімет бойынша, олардың саны миллионға жуықтауы мүмкін.

Биыл сәуірде Ресей билігі елде Қырғызстаннан келген 115 мыңнан астам заңсыз мигрант бар деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG