Соған байланысты бұл мәліметтің қаншалықты шын екенін білу керек. Депутат Ұлықбек Садиков 7 қазандағы парламент отырысында осылай деп мәлімдеді.
"Энергетика министрі электр қуаты Тәжікстаннан импорттала бастағанын мәлімдеді. Бұл ақпараттың қаншалықты шын екені әзірге белгісіз. Біз нақты ақпаратты білуіміз керек", - деді ол.
Депутат энергетика және өнеркәсіп министрі Доскул Бекмурзаевты парламентке шақыртуды ұсынды.
"Қыс қатты болады деп болжанды. Тоқтоғұл су қоймасында бар болғаны 12,3 млрд текшеметр су жиналды. Жыл сайын 6 млрд текшеметр пайдаланамыз. Су деңгейі 6 млрд текшеметрге дейін түсіп кетуі мүмкін. Бұл біздің энергетикасы саласын тұралатады", - деп есептейді ол.
1 қазанда Доскул Бекмурзаев Қырғызстан Тәжікстаннан электр қуатын импорттай бастады деп мәлімдеген. Алайда, 4 қазанда Тәжікстанның энергетика және су ресурстары министрлігі қырғыз министрінің мәлімдемесін жоққа шығарды.
"Қырғыз жағының ұсынысын тәжік тарапы қарап жатқанын хабарлаймыз", - делінген тәжік министрлігінің мәлімдемесінде.