Ссылки доступа

Еуропада газ бағасы шарықтап кетті


Еуропада 6 қазанда газдың бір мың текшеметрінің бағасы Лондон ICE биржасындағы бағасы 1700 доллар болды. Осылайша Еуропада көгілдір отын құны ең қымбат көрсеткіштен асып түсті.

Еврокомиссия бағаның көтерілуін қуат ресурсына сұраныстың артуымен түсіндірді. Комиссия мәліметі бойынша, газ бағасы 25 жылдың ішінде ең жоғары көрсеткішке жеткен.

Франция, Испания, Чехия, Грекия және Румыния газдың күрт қымбаттауын зерттеуді ұсынды. ЕО елдері газды сатып алуды үйлестіруі тиіс, делінген министрлердің мәлімдемесінде.​

Еуропада газ бағасы жазда көтеріле бастаған. Бұған 2020 жылғы қыстың суықтығы мен биылғы жаздың ыстықтығы әсер еткен. Еуропада жылыту маусымы басталған уақытта газ қоры ​70 пайызға ғана толған. Былтыр бұл көрсеткіш шамамен 95 пайыз болған.

XS
SM
MD
LG