Ссылки доступа

Мирзияев Путинді 69 жасымен құттықтап, қараша айында Ресейге баратынын жеткізді


7 қазанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ресей президенті Владимир Путинді 69 жасымен құттықтады.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мирзияев президент Владимир Путиннің қазіргі Ресейдің қалыптасуы мен өзбек-орыс қарым-қатынасын нығайтудағы тарихи рөлін атап өткен.

Екі ел президенті телефон арқылы сөйлескен. Онда Шавкат Мирзияевтің қараша айында Мәскеуге жоспарланған сапары жайында да айтылған.

Өзбекстан президенті былтыр ақпан айында Ресейге мемлекеттік сапармен баруы керек болған. Бірақ пандемия салдарынан сапарды кейінге шегерген.

XS
SM
MD
LG