Ссылки доступа

Мәскеуге барған қырғызстандықтар жіті тексеріліп жатыр


Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында 7 қазанда таңертең Қырғызстаннан ұшып келген азаматтарды жіті тексеруден өткізген.

Ресейдегі Қырғызстан елшілігінің хабарлауынша, қырғыз азаматтарына құқықтық көмек көрсету үшін үш заңгер әуежайға барған. Солардың бірі Акимбек Маматов төлқұжат ауыстырғандар не фамилиясын өзгерткендер жіті тексеріліп жатыр деп хабарлады.

Әуежайда тұрып қалған қырғыз азаматтарының нақты саны айтылмаған.

30 қыркүйекте Ресейде мигранттарға берілген жеңілдіктердің мерзімі аяқталған. Олар осы уақытқа дейін құжаттарын заңдастырып алуы керек болған.

Ресми мәлімет бойынша, Ресейде 700 мыңнан астам қырғыз азаматы тұрады. Алайда, ресми емес мәлімет бойынша, олардың саны миллионға жеткен.

Биыл сәуір айында Ресей елінде 115 мыңнан астам қырғыз азаматының заңсыз жүргенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG