Ссылки доступа

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Қытай қаупіне қарсы орталық құрады


ЦРУ басшысы Уильям Бёрнс
ЦРУ басшысы Уильям Бёрнс

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) "Қытай жөнінде операциялар орталығы" деп аталатын жаңа бөлім құрады. Бұл туралы мекеме басшысы Уильям Бёрнс хабарлады.

Оның сөзінше, жаңа бөлім Қытай үкіметі тарабынан келетін қауіптерге қарсы жұмыс істейді.

Бёрнс баяндамасында Қытай АҚШ үшін XXI-ғасырдағы ең маңызды геосаяси тұрғыдан қауіпті деп атаған. Ол жаңа орталықтың іс-қимылдары қытай халқына емес, үкіметіне қарсы бағытталатынын айтқан.

Биыл қаңтар айында бұрынғы президент Дональд Трамптың әкімшілігі Қытайдағы үйғырлардың қуғындалуын геноцид деп атаған.

"2017 жылдан бері Қытай үкіметі Коммунистік партияның бақылауымен адамзатқа қарсы қылмыстар жасап келеді",- деген сол кезде мемлекеттік хатшы Майк Помпеонун.

Вашингтон Бейжіңді демократияға шабуыл жасауын айыптап келеді.

Уильям Бёрнс Орталық барлау басқармасы басқа да маңызды қауіптерге, оның ішінде "Ресей агрессиясына, Солтүстік Корея мен Иран, сонымен бірге терроризмге қарсы" аса көңіл бөлуді жалғастыра беретінін жеткізді.

XS
SM
MD
LG