Ссылки доступа

Өзбекстанның сыртқы істер министрі Кабулда "Талибан" басшыларымен кездесті


Министр иностранных дел Узбекистана Абдулазиз Камилов провел в Кабуле переговоры с и.о. министра иностранных дел движения «Талибан» Мавлави Амирханом Моттаки, 7 октября 2021 г.

7 қазанда Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдуләзіз Камилов бастаған делегация Кабул қаласында "Талибан" қозғалысының жетекшілерімен келіссөз өткізді.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Абдуләзіз Камилов Ауғанстанның уақытша үкіметіндегі сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Әмір Хан Моттакимен транзит, энергетика және сауда мәселелерін талқылады.

"Талибан" өкілдері Өзбекстан басшылығына Мазари-Шариф қаласындағы халықаралық әуежайды жөндеуге көмектескені, өзбек-ауған шекарасының үзіліссіз жұмыс істеп тұрғаны үшін алғыс айтқан.

Тараптар жақында Термез қаласында сауда-экономика сипатындағы мәселелерді, соның ішінде "Сұрқан - Пули-Хумри" электр желісі мен "Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар" теміржол құрылысының жобасын бірлесіп талқылауға келісті, делінген СІМ хабарламасында.

Мәліметке қарағанда, тәліптер осы жобаларды жүзеге асыруға тартылатын өзбек мамандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын.

"Талиибан" басшылығы "Ауғанстаннан бауырлас Өзбекстанға ешқандай қауіп жоқ" деп мәлімдеген.

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" Кабул қаласын ұрыссыз басып алды. Бірнеше күннен соң тәліптер Ауғанстан ислам әмірлігі құрылатынын мәлімдеді.

Тәліптер үкіметті басып алған соң халықаралық қауымдастық Ауғанстанға көмек беруін тоқтатты. Мемлекет ауыр гуманитарлық дағдарысты бастан өткеріп жатыр.

XS
SM
MD
LG