Заң ақпараттары порталында Өзбекстаннан 10 мың мигрантты тарту кестесі жарияланды. Онда жұмысшылардың бәріне коронавирусқа қарсы "Спутник Лайт" вакцинасы салынатыны айтылған. Жобаны жүзеге асыруға үкіметтің бірнеше министрлігі қатысады.
Құрылыс министрлігі өзбек жұмысшыларын тартқысы келетін жұмыс берушілер тізімін дайындап, олармен келісім-шарт жасайды.
Қыркүйек айында Өзбекстанның ресми өкілдері жақында Ресейге 10 мың өзбек мигранты жұмысқа баратынын хабарлаған.