Ссылки доступа

Тәжікстандағы ауған ұшқыштарының мәселесі шешілмей жатыр


Иддюстративное фото
Иддюстративное фото

Ауғанстан әскери әуе күштерінің 29 жастағы ұшқыш қызы тұңғышының дүниеге келуін күтіп, Тәжікстандағы шипажайлардың бірінде тұрып жатыр. Көрші елден қашып келген 140 ұшқыш пен жауынгер де осында орналасқан.

Жүкті әйелдің айтуынша, мұнда нәрестені дәрігерге қаратуға мүмкіндік жоқ. "Шынымды айтсам, мен балам үшін қобалжимын", - деді капитан Reuters агенттігіне.

Ол күзетшілерден тығып қойған телефонмен журналистермен сөйлескен. Тәжік билігі ауған жауынгерлерінің құжаттары мен телефондарын жинап алған. Ұшқыш әйел мақалада аты-жөні аталмағанын қалайды, себебі Ауғанстандағы отбасы үшін алаңдайды.

Ұшқыш әйел қараша айында босанады, бірақ тәжік билігі оны жақын маңдағы ауруханаға ауыстыру өтінішін орындамаған. "Уақыт жақындағанда ауруханаға ауыстырамыз, одан соң осындай әкелеміз", - деген билік өкілдері.

"Талибан" Ауғанстанда билікті басып алған уақытта, 143 ауған ұшқышы мен сарбазы Тәжікстанға ұшып келген. Құрама Штаттар оларды алып кетіп, босқын мәртебесін береді деп ойлаған, бірақ әзірге олар Тәжікстанда тұрып жатыр. Тәжікстан билігі оларға күтіңдер деген.

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин 28 қыркүйекте Конгресс комитетінде Тәжікстанға қалған ауған ұшқыштары мен жауынгерлері үшін алаңдайтынын мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік департаменті Reuters агенттігіне "бұл мәселені Тәжікстан билігімен талқылап жатқанын хабарлаған, бірақ ұшқыштарды көшіру неге созылып кеткенін түсіндірмеген".

XS
SM
MD
LG