Ссылки доступа

Тәжік құқық қорғаушылары Еуропаламенттен талаптарын президент Рахмонға жеткізуді сұрайды


Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Еурокеңес басшысы Шарль Мишель
Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Еурокеңес басшысы Шарль Мишель

Тәжікстанның саяси тұтқындарды қорғау азаматтық комитеті Еуропарламент басшыларына үндеу жариялап, талаптарын президент Эмомали Рахмонға жеткізуді сұрады.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келесі аптада Франция мен Бельгияға ресми сапармен барады.

Польшада тәжік оппозиционерлері құрған азаматтық комитет Еуропарламенттен тәжік президентінен саяси оппоненттерін қудалауды тоқтатуды және түрмеде отырған саяси тұтқындарды босатуды талап етуін сұрайды. Сонымен бірге, Тәжікстанда сөз еркіндігіне, азаматтарға саяси партия, ұйым құрып, еркін жұмыс істеуіне, халықаралық адам құқықтары талаптарын орындауына, ауған босқындарын еліне кіргізуге рұқсат беруін сұрайды.

Тәжікстан билігі елінде саяси тұтқын жоқ деп есептейді.

Тәжікстан президентінің Еуропаға сапары барысында Ауғанстан мәселесі сөз болады деп күтіледі.

XS
SM
MD
LG