Ссылки доступа

Тәжікстанда 8 жастағы Руфейданың өліміне қатысты іс жабық сотта қаралады


Тәжікстанның Жоғарғы сотында 11 қазанда 8 жастағы Руфейда Иноятованың өліміне қатысты іс бойынша сот басталады. Оқушыны өлтірген деген айып оның көршісі, 30 жастағы Рахматулло Гадоевқа тағылған.

Марқұмның әкесі Валиджон Иноятовтың хабарлауынша, сот дүйсенбі күні түстен кейін басталуы тиіс. "Біздің өтінішімізге қарамастан, сот жабық өтеді", деді ол.

8 жастағы Руфейда Иноятованы биыл 4 маусымда Рудаки ауданындағы Навобод ауылында өлтірген. Марқұмның туыстарының айтуынша, әжесінің үйінде қонақта болған Руфейда үйден 20-30 метр жердегі әжетханаға шығып, содан оралмаған. Ертесіне құқық қорғау органдары оның бөлшектелген денесін тапты.

30 жастағы Рахматулло Гадоевқа кісі өлтірді деген айып тағылды.

Оқушы қыздың өлімі қоғам наразылығын туғызды. Қылмыс әлеуметтік желілерде көп талқыланды.

Тәжікстанның әділет министрлігі кәмелет жасқа толмағандарға жасалған зорлық әрекеті үшін жаза күшейтілетінін хабарлады.

XS
SM
MD
LG