Ссылки доступа

Қырғызстан үкіметінің құрамы өзгеруі мүмкін


"Азаттык" дереккөзінің мәліметінше, Қырғызстанда министрлер кеңсесінің құрамы өзгеруі мүмкін.

Премьер-министр қызметіне экономика және қаржы министрі Ақылбек Жапаров тағайындалуы мүмкін, дейді дереккөз.

Үкімет құрамында басқа да өзгеріс болуы мүмкін. Бұл туралы 12 қазанда ресми түрде жарияланады деп жоспарланған. Дереккөз мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеттің қазіргі басшысы Камчыбек Ташиев осы қызметімен бірге қауіпсіздік мәселесіне жауапты вице-премьер-министр болып тағайындалуы мүмкін.

Президенттің баспасөз қызметі мәліметті растамады, бірақ жоққа шығармады.

Биыл 5 мамырда президент Садыр Жапаров жаңа Конституцияға қол қойған соң, елде үкімет министрлер кеңсесі деп өзгертілді, оның жаңа құрамы бекітілді.

Министрлер кеңсесін Ұлықбек Марипов басқарып отыр. Ол премьер-министр қызметіне 3 ақпанда тағайындалды, үкімет министрлер кеңсесіне ауысқан уақытта қызметін сақтап қалды.

Экономика және қаржы министрі қызметін бұған дейін екі мәрте атқарған Ақылбек Жапаров биыл маусымда осы қызметке үшінші мәрте тағайындалды. Ол бұған дейін Жогорку Кенеш депутаты болған, "Құмтөрге" қатысты мемлекеттік комиссияны басқарған.

XS
SM
MD
LG