Ссылки доступа

Тәжікстанға қашып барған аяғы ауыр ұшқыш ауруханаға жеткізілді


Тәжікстан санаторийінде тұрып жатқан Ауғанстан әуе күштерінің аяғы ауыр ұшқышы перзентханаға жеткізілді. Бұл туралы Reuters агенттігі оның жақындарына сілтеме жасап хабарлады.

Душанбе маңындағы мемлекеттік санаторийде екі айдан бері Ауғанстаннан қашып келген әскерилер мен ұшқыштар отбасы мүшелерімен тұрып жатыр.

Оның ішінде 29 жастағы аяғы ауыр ұшқыш келіншек те бар. Ол осыған дейін берген сұқбатында санаторийде әйел дәрігер жоқ екенін айтып шағымданған. Оның сөзінше, қараша айында босануы керек болған.

"Талибан" қозғалысы Ауғанстанды басып алғаннан кейін, Тәжікстанға 143 ауған ұшқышы қашып барған. Олар АҚШ өз еліне алып кетіп, босқын мәртебесін береді деп үміттеніп жатыр.

Өткен аптада Reuters агенттігі АҚШ Тәжікстандағы ауған ұшқыштарының биометрикалық мәліметтерін анықтап жатқанын жеткізген.

XS
SM
MD
LG