Ссылки доступа

The Sun: Ресей тыңшылары AstraZeneca вакцинасы туралы мәліметтерді ұрлаған


Британ үкіметі кабиершабуылдар және зияткерлік меншікті ұрлау жөніндегі кез-келген ақпаратқа салмақты қарайды. Бұл туралы Британия премьер-министрінің өкілі The Sun басылымындағы мәліметтер бойынша жауап беріп жатып айтты.

Ол арнайы қызметтің ісіне қатысты сұрақтарға жауап бермейтінін айтып, Ресейге ешқандай айыптау тақпады.

Бір күн бұрын The Sun басылымы ресейлік тыңшылар AstraZeneca компаниясының коронавирусқа қарсы вакцина өндіру формуласын ұрлап кеткенін, ол кейін "Cпутник V" вакцинасын өндіру үшін пайдаланғанын хабарлаған. Ақпаратқа қарағанда, бұл туралы арнайы қызмет жақында британ үкіметіне мәлімет берген.

Екі вакцина – британиялық, ресейлік те – аденовирустық вакцина болып есептеледі, әзірленуі де ұқсас. Бірақ AstraZeneca-ның "Cпутник V" вакцинасынан айырмашылығы - шимпанзе аденовирусы негізінде әзірленген. "Спутник V" Ресейде 2020 жылдың тамызында, AstraZeneca Британияда желтоқсан айында тіркеуге алынған.

Былтыр батыс елінің арнайы қызметтері вакцина туралы мәліметтер алу үшін ресейлік хакерлер кибершабуылдар жасағанын мәлімдеген.

Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жоғарыдағы мәліметтерге қатысты жауап беріп жатып, "The Sun ғылыми емес басылым" деген.

XS
SM
MD
LG