Ссылки доступа

Қырғызстандағы сот Тәжікстан азаматтарына шығарылған үкімге шағымды қарайды


Абдурозик Абдукаххоров
Абдурозик Абдукаххоров

Қырғызстандағы сот 19 қазанда Тәжікстанның өмірлік түрме жазасына кесілген екі азаматтың үкіміне шағымды қарайды. Соғды облысының басшысы Раджаббой Ахмадзоданың хабарлауынша, Қырғызстанның тиісті органдарына үкімді қайта қарау туралы шағым жолданған.

Қырғызстандағы Баткен облысының Лейлек аудандық соты өткен айда Тәжікстан азаматтары Абдурозик Абдукаххоров пен Асқар Юнусовті өмірлік түрме жазасына кесті. Олар "бейбітшілікке қарсы қылмыс жасады", "тонаушылықпен айналысты" деп айыпталды. Сотталғандардың туыстары үкімді әділетсіз деп отыр. Тәжікстан билігі сол кезде ешқандай мәлімдеме жасамаған.

Соғды облысының басшысы Раджаббой Ахмадзода, 11 қазанда Озоди радиосы тілшісімен телефонмен сөлескен уақытта, Тәжікстанның құқық қорғау органдары Қырғызстанның тиісті органдарына үкімді қайта қарау туралы шағым жолдағанын айтты. "Шағымдарымыздың негізінде 19 қазанда апелляциялық сот өтеді", - деді Соғды облысының басшысы.

Сотталғандардың бірінің адвокаты бір аптадан соң үкімге шағым сотта қаралатынын растады.

Абдурозик Абдукаххоров пен Асқар Юнусов биыл сәуірде тәжік-қырғыз шекарасында болған қарулы қақтығыстан соң ұсталды.

28-29 сәуірдегі қақтығыста 55 адам қаза тапты, ондаған адам жараланды, ондаған үй өртенді.

XS
SM
MD
LG