Бұл туралы 11 қазанда "Мемориал" адам құқықтарын қорғау орталығы хабарлады.
Ресей мен Эстониядан баспана сұрауға талпынған бұрынғы студент шекараны заңсыз кесіп өткені үшін ұсталып, соттан кейін Ресейдегі депортация орталығына ауыстырылған. Федералдық қауіпсіздік қызметі оған Ресейге 2055 жылға дейін кіруге тыйым салған.
Түркіменстанда Ахмет Жұмадурдыевті "экстремизм" айыбымен іздестіріп жатыр. Адам құқықтарын қорғаушылар мұндай айыпқа күмәнмен қарайды.
Еуропадағы адам құқықтары жөніндегі сотқа арызды "Миграция және заң" желісі мен "Мемориал" адам құқықтарын қорғау орталығының заңгері Ольга Цейтлина жолдаған.
Жұмадурдыевтің Түркіменстанда тұратын бауыры "діни экстремизм" айыбымен 25 жылға сотталған. Ресейде оқитын 11 түркімен студенті іздеуге берілген. Демалыста елге оралған екі студент 15 жылға сотталған.