Ссылки доступа

Экс-министр: Өзбекстан баяғыда-ақ газ экспорттаушыдан импорттаушыға айналуы керек еді


1 қазаннан бастап заңды тұлғалар Өзбекстан аумағына табиғи газ жеткізгені үшін кеден салықтарын төлемейді. 6 қазанда президент қол қойған жарлықта осылай делінген.

Өзбекстанның бұрынғы мұнай министрі, кәсіпкер Әнуар Хусаиновтың пікірінше, Өзбекстан баяғыда-ақ Орталық Азиядағы ірі газ импорттаушы елге айналуы тиіс еді, бұл процесс 30 жылға созылып кетті.

Өзбекстан жылына орта есеппен 60 миллиард текше метр газ өндіреді. Республика 40 миллиард текше метр газ тұтынады, қалған 20 миллиард текше метрін экспорттайды.

Әнуар Хусаиновтың есептеуінше, Өзбекстанның бір жылдағы газға сұранысы 65 000 текше метрден кем емес. Бірақ билік, елді мекендер газсыз қалса да, 20 миллиард текше метр газды экспорттап отыр.

Сарапшының пікірінше, Өзбекстан түркімен газын экспорттаумен шұғылдануы тиіс. "Түркімен газы өзбек газынан бірнеше есе арзан", - дейді кәсіпкер.

XS
SM
MD
LG