Ссылки доступа

Тәжікстанда жаяу жүргіншілер ережесін бұзғандарға жауапкершілік күшейеді


Тәжікстан парламенті "Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын талқылады. Онда жаяу жүргіншілерге арналған жол ережесін бұзғандарға жауапкершілік күшейтілмек.

Көлік жүргізушілері жол апаты жаяу жүргіншілердің жол ережесінен сақтамауынан болады деп шағымданады.

Жол ережесіне сәйкес, жаяу жүргіншілер үлкен жолдарда, көпірлерде тыйым салынған белгілерде жүрмеуі тиіс.

Осыған дейін жаяу жүргіншілерге жол ережесін бұзғаны үшін 15 доллар көлемінде айыппұл салынып келген.

Ресми мәлімет бойынша, былтыр Душанбеде жол ережесін бұзған 183 мың жағдай тіркелген. Олардың 36 мыңы жаяу жүру ережесін бұзған.

XS
SM
MD
LG