Қылмыстық кодекстің "Байқаусызда кісі өліміне себепкер болды" деген бабына сәйкес, үш жыл еркінен айырды. Ол екі жылын шартты түрде өтейді. Сонымен бірге мекен-жайын ауыстыруға да тыйым салынды. Айыпталушы кінәсін толық мойнына алған.
Сот материалына қарағанда, 2019 жылдың наурыз айында астық сақтау қоймасында жұмысшылар егейқұйрыққа қарсы күнбағыс майынан у әзірлеген. Бұл у сол қоймада сақталған. Кейін дәріленген күнбағыс майы байқаусызда тамаққа қолданылған. Одан 68 адам уланып, үш адам қайтыс болған.