Ссылки доступа

Қырғызстанда 387 адам өзін өзі Жогорку кеңеш депутаттығына ұсынып жатыр


13 қазанда Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 28 қарашада өтетін парламент сайлауына бір мандатты аймақтан үміткерлердің өтінішін қабылдауды тоқтатты.

Осыған дейін өтініш бергендердің саны 300-ден асқан.

13 қазанда бір мандатты округтан депутаттыққа түсу үшін өтініш қабылдаудың соңғы күні болды. Енді тіркелу үшін құжаттар 18 қазанға дейін қабылданады. Бір үміткер бір округтан ғана тіркеле алады.

Қырғызстанда парламент сайлауы 28 қарашада өтеді. Жогорку Кеңешке 90 депутат сайланады. Оның 54-і партиялық жүйемен сайланса, 36 депутат бір мандатты округтен сайланады. 75 партия сайлауға қатысуға өтініш түсірген.

Қырғызстанда соңғы рет парламент сайлауы былтыр 4 қазанда өткен. Сайлау нәтижесі сайлаушылардың наразылығына ұласып, Бішкекте митинг өтіп, соңғы елде биліктің алмасуына алып келді.

XS
SM
MD
LG