Ссылки доступа

Politico: Өзбекстан ақпарат науқанының арқасында ресми Вашингтонның сеніміне кірді


Президент Узбекистана Шавкат Мирзияев (третий слева) с конгрессменами Доном Бэйконом, Дугом Ламборном, Троем Нельсом и Августом Пфлюгером.

Өзбекстан Вашингтон мен Ташкент арасын одан әрі нығайтуды көздейтін агрессивті ақпарат науқанын жүргізіп келеді. Мұндай саясат шын мәнінде нәтиже берді, деп жазды беделді Politico басылымы.

Politico мәліметіне қарағанда, Өзбекстанға келіп жүрген делегациялар арасында Пентагон өкілдері де бар. Олар Ташкентте тәліптер Ауғанстанға келгеннен кейінгі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы әріптестікті арттыру мәселелерін талқылап жүр.

Басылым Конгресс пен Пентагондағы дереккөздеріне сүйенген. Күн тәртібінде АҚШ-тың терроризмге қарсы күштерін аймаққа орналастыру мәселесі тұр.

Президент Джо Байден әкімшілігі бірнеше айдан бері осы мәселеге қатысты келіссөздерді Өзбекстан билігімен, сонымен бірге Ауғанстанмен шекаралас басқа да елдермен жүргізіп жатыр, бірақ ол туралы жариялаған жоқ.

Өткен аптада төрт конгрессмен ресми тұлғалармен, соның ішінде президент Шавкат Мирзияевпен кездесу үшін Ташкентке келді. Кездесулерден соң конгрессмендердің бірі Дон Бэйкон NatSec Daily басылымына "Шавкат Мирзияев оның көңілінен шыққанын", президент сайлауы әділ өтпейтініне қатысты сенімді ақпарат барына қарамастан, "Өзбекстан адам құқықтарын қорғайтын демократиялы елге айналатынына сенетінін" мәлімдеген.

Politico басылымының хабарлауынша, Өзбекстанмен арадағы мұндай байланыстар АҚШ Ауғанстаннан кеткеннен кейін жанданған. Конгрессмендердің бірқатары Өзбекстанды АҚШ-тың аймақтағы мүдделерін қорғауға көмектесе алатын ел ретінде қабылдайды.

XS
SM
MD
LG