Ссылки доступа

Сергей Лавров: Аралас некеден туған балаларға Ресей азаматтығын береміз


Ресейде аралас некеден туған балаларға автоматты түрде орыс азаматтығы беріледі. Осылай деп елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров шетелде тұратын отандастарының дүнижүзілік конгрессінде айтты.

"Аралас отбасы қай елде тұрмасын, олардың баласы Конституцияға сәйкес автоматты түрде орыс азаматтығын алуы керек деп есептейміз", - деді Лавров.

Мемлекеттік думаның вице-спикері Анна Кузнецова министрдің бұл ұсынысын қолдады. "Көптеген отбасы үшін автоматты түрде Ресей азаматтығын алу пайдалы болып, мәселелерін шешу жеңілдемек",- деді ол.

Ресей заңдарына сәйкес, әке-шешесінің біреуі орыс азаматы, екіншісі шетел азаматы болса, баласына орыс азаматтығын алуына болады. Ол үшін тиісті органдарға өтініш беруі тиіс.

XS
SM
MD
LG