Ссылки доступа

Тәжік адвокаты Бузургмехр Ёровтың түрмедегі жаза мерзімі төрт жылға қысқарды


Танымал адвокат Бузургмехр Ёровтың түрмедегі жаза мерзімі тағы төрт жылға қысқарды. Бұл туралы Озоди радиосына 17 қазанда адам құқықтарын қорғаушының әпкесі Хосият Ёрова хабарлады.

Бузургмехр Ёров 2016 жылы 28 жылға соттаған. Тәжік соты адвокатты бірнеше бап бойынша кінәлі деп таныды.

"2019 жылы Бузургмехрдің жаза мерзімі 6,5 жылға қысқарды. Енді тағы төрт жылға азайып отыр. Ол әлі 11 жыл алты ай түрмеде отырады", деді Хосият Ёрова.

Бузургмехр Ёров 2015 жылғы 28 қыркүйекте алаяқтық, жалған құжат жасау айыптарымен ұсталды. Бұның алдында ол Тәжікстанда тыйым салынан Ислам өркендеу партиясының 14 мүшесін қорғаған. Адвокаттың үстінен тағы бірнеше қылмыстық іс қозғалды: оған Ұлт лидері - Тәжікстан президентін тілдеді, сотты сыйламады, билік өкілдерін тілдеді деген айыптар тағылды.

2019 жылғы маусымда БҰҰ-ның еріксіз қамауда ұстау мәселелерімен айналысатын жұмыс тобы Бузургмехр Ёровтың сотталуын "халықаралық құқықтың бұзылуы" деп сипаттады. БҰҰ адвокатқа тағылған айыптар негізсіз, оны саяси оппозиция мүшелерін қорғағаны үшін қудалады деген қорытынды шығарған.

XS
SM
MD
LG