Ссылки доступа

Өзбекстанда күріш алқабын милиция күзетіп тұр (видео)


Қарақалпақстанның кейбір аудандарында келісім негізінде күріш егетін шаруаларға алқаптан өнім алуға рұқсат жоқ.

"Озодлик" редакциясына хабарласқан шаруалардың айтуынша, Нүкіс қаласына баратын жолдарға милиция бекеттері орнатылған.

Күрішті түнде пара беру арқылы ғана өткізуге болады, дейді шаруалар.

Өңірдегі шаруа кеңесінің басшысы шаруалардың шағымын жоққа шығарып отыр.

Тахиаташ ауданындағы бір шаруаның айтуынша, аудандағы жолдарға күріш тасуға жол бермейтін бекеттер орнатылған.

– Нүкіске апаратын жолдағы көпірге бір бекет орнатылған, өзеннен өткеннен кейін тағы бір бекет тұр. Олар қыркүйектің ортасында пайда болды. Бекеттер күріш тиелген жүк көліктерін өткізбейді, – дейді шаруа.

Шаруалар бекеттен түнде пара беру арқылы ғана өтуге мәжбүр екенін айтты.

– Бір КамАЗ көлігін бес миллион сумға (шамамен 500 доллар) өткізеді. Былтыр олар 3 миллион сум алатын, биыл пара көлемін өсіріпті. Шаруалар күрішті Хорезм мен Нүкіс базарларында сата алмай отыр, – дейді жергілікті шаруа.

Бұған дейінгі жылдары да Қарақалпақстан мен Хорезм облысының биліктері шаруаларға күрішті өз еркімен егістіктен шығаруға рұқсат бермеген.

2015 жылы Қарақалпақстанның Беруни ауданында милиция бекеттерден күріш тиелген 60 жүк көлігін тоқтатып, оларды арнайы алаңға жіберген.

XS
SM
MD
LG