АҚШ елшілігінің мәліметінше, бұл көмек нақты жағдайларға қарай вакцина бөлу, вакцина туралы жалған ақпараттармен күресу, коронавирусқа қарсы зертханаларды күшейту, Қазақстанның вакциналарды жеткізу және пайдалану деңгейін көтеру үшін беріледі.
-Қазақстанға коронавирус індеті басталғалы 6,8 миллион доллар көмек берілді, бұл қаржы соған қосылады,- дейді АҚШ елшілігі.
Елшілік таратқан ақпаратқа қарағанда, АҚШ Қазақстанға 2 миллиард доллар, соның ішінде туберкулез бен СПИД-тің алдын алу, күресу секілді денсаулық сақтау бағдарламаларын қолдауға 92,8 миллион доллардан астам қаражат бөлген.