Ссылки доступа

Өзбекстанда журналист Бобур Ганиев 15 тәулік қамаудан кейін бостандыққа шықты


Бобур Ганиев

Taftish.uz сайтының журналисі Бобур Ганиев 15 тәулік әкімшілік қамаудан кейін бостандыққа шықты.

Ганиев қазір үйінде емделіп жатқанын, өзіне келген соң жұмысқа шығатынын мәлімдеді.

1 қазанда Үчтепе аудандық соты Taftish.uz басылымының журналистері Бобур Ганиев пен Аброр Кузибаевті және олардың танысы Обид Салимовты 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған.

Сот оларды ішкі істер органдары қызметкерлеріне қарсылық көрсетті деп таныды.

Бұдан бөлек Бобур Ганиевқа 5400000 сум ($500), Аброр Козубаевқа 270 000 сум ($25) айыппұл салынды.

​30 қыркүйекте "Қауіпсіз қала" шарасы аясында Ташкенттің Үчтепе ауданында жол инспекторлары Epica көлігін тоқтатқан. Онда "блогер Аборор" есімімен танымал Аброр Кузибаевті, автоблогер Бобур Ганиевті және Обид Салимовты ұстаған.

Тергеу материалында олардың заңға бас имей, қоғамдық тәртіпті бұзғаны, Ганиевтің телефонынан порнографиялық видеоматериалдар табылғаны айтылады.

XS
SM
MD
LG